ЕУРОЛИГА-2022. Қазақстан құрамасы Грузияны ірі есеппен ұтты

ЕУРОЛИГА-2022. Қазақстан құрамасы Грузияны ірі есеппен ұтты

28 шілде 2022, 16:24
Жағажай футболынан Еуролига жарысы Молдова астанасы Кишиневте өтіп жатыр.

Қазақстан құрамасы топтық кезеңдегі екінші ойынын Грузиямен өткізіп, 7:1 есебімен жеңіске жетті.

Виталий Тюльпа екінші ойын қатарынан есеп ашып, Қазақстан құрамасын алғашқы таймда алға шығарды. Әрі қарай  Баянбек Муралинов пен Дмитрий Перевертов қос-қостан гол соқты. Асқар Әжікеновтің қайшылай тепкен голы да қақпа торынан табылды.

Ойын соңына қарай Грузия құрамасы қарымта гол соққан. Алайда, Қазақстан құрамасының ойыншысы Аңсат Мұратұлы кезекті голды соғып, матч нүктесін қойды – 7:1.

Қазақстан – Грузия – 7:1

Голдар: Тюльпа, Муралинов - 2, Перевертов - 2, Әжікенов, Мұратұлы – Диаквнишвили;

28.07.2022. Еуролига, «Б» дивизионы.

Негізгі стадион. Кишинев, Молдова.

 

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы алғашқы кездесуде Норвегияны 7:3 есебімен ұтқан болатын. Біздің жігіттер келесі ойынын 29 шілде күні Грекиямен өткізеді. Ойын елорда уақытымен 19:00-де басталады.

 

 

Бөлісу
Жоғары