Қостанайдағы Орталық стадион УЕФА категориясын алды

Қостанайдағы Орталық стадион УЕФА категориясын алды

26 тамыз 2022, 17:52
Қостанай қаласындағы Орталық стадионы 2022 жылдың мамыр айында УЕФА инспекциясынан өтті.

Жаңарту жұмыстары аяқталғаннан соң және УЕФА делегаты жүргізген инспекция барысында анықталған барлық ескертулерді жойғаннан кейін Қостанай қаласының Орталық стадионына IV категориясын беру туралы шешім қабылданды.

Бұл категориясы Еуропалық футбол қауымдастықтары одағының жіктелуі бойынша ең жоғары болып табылады.

Енді қостанайлық стадион УЕФА Ұлттар лигасы ойындарын, сондай-ақ Қазақстан ұлттық құрамаларының барлық матчтарын (Әлем және Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңдері) өткізу мүмкіндігін алды.

Бөлісу
Жоғары