ҚФФ балаларды Конституция күнімен құттықтады

ҚФФ балаларды Конституция күнімен құттықтады

30 тамыз 2022, 16:45
Бүгін елордадағы Триатлон саябағында Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі және Қазақстан футбол федерациясының ұйымдастыруымен «SOS Балалар ауылдарының» балаларына арналған интерактивті кездесу өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасының Конституция күні орайластырылған.

Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов пен Нұр-Сұлтан қаласының Алматы ауданының әкімі Мақсат Саматұлы балаларға жылы тілектерін арнап, мерекелерімен құттықтады. 

Кездесуде балалар Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев, қазақ футболының аңызы Руслан Балтиев және Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Исламбек Қуатқа өздерін қызықтырған әртүрлі сауалдарды қойды. 

Ал кездесудің қонақтары футболды қалай таңдағанын және өміріндегі басқа да қызықты оқиғаларды айтып берді. Сонымен қатар балаларға Қазақстан ұлттық құрамасының сыйлықтары таратылды.

Іс-шараның соңында қазақ батыры және Гиннестер кітабының рекордшысы Сергей Цырулников өнер көрсетті.

Бөлісу
Жоғары