Қазақстан жастар құрамасы Беларусь елінде оқу-жаттығу жиынын өткізеді

Қазақстан жастар құрамасы Беларусь елінде оқу-жаттығу жиынын өткізеді

13 қыркүйек 2022, 16:23
Қазақстан жастар құрамасы (U-20) 17-28 қыркүйек аралығында аға бапкер Қайрат Нұрдәулетовтің жетекшілігімен оқу-жаттығу жиынын өткізеді.

Команда 17 қыркүйек күні Нұр-Сұлтанда жиналып, 22 қыркүйекте Беларусь астанасына жол тартады.   Оқу-жаттығу жиынында Ресей және Беларусь жастар құрамасына қарсы жолдастық ойындар жоспарланған. 

Жаттықтырушылар штабы жиынға 2002 жылдан төмен футболшыларды шақырды. Тізімген енген ойыншылардың саны – 23.                                      

Қақпашылар: Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Азат Бақытов («Ақжайық»), Никита Пивкин («Электрон», Ресей);

Қорғаушылар: Әділбек Жұмаханов, Константин Горизанов (екеуі де – «Қайсар»), Асқар Сатышев («Тараз-Қаратау»), Дамир Қасаболат, Егор Ткаченко, Лев Кургин (барлығы – «Қайрат»), Владислав Кравченко («Қайрат-Жастар»), Данил Нырков («Екібастұз»), Әділхан Добай («Ордабасы»);

Жартылай қорғаушылар: Мейрамбек Қалмырза, Нұрғайни Бөрібаев (екеуі де – «Оқжетпес»), Абылайхан Назымханов, Ибрагим Дадаев (екеуі де – «Шахтер»), Муроджон Халматов («Ордабасы»), Ғалымжан Кенжебек («Мақтарал»), Ерсұлтан Қалдыбеков («Тараз»), Максим Самородов («Ақтөбе»), Жаннұр Көкеев («Қайрат-Жастар»);

Шабуылшылар: Иван Свиридов («Шахтер»), Байжан Мәделхан («Муром», Ресей);

Бапкерлер штабы: Қайрат Нұрдәулетов - аға жаттықтырушы, Асқар Ыдырысов - аға жаттықтырушының көмекшісі, Нұрбол Жұмасқалиев - аға жаттықтырушының көмекшісі, Юрий Новиков - қақпашылардың жаттықтырушысы.

 

24 қыркүйек | 17:30

Ресей U-20 – Қазақстан U-20

27 қыркүйек | 19:00

Беларусь U-20 – Қазақстан U-20

*Нұр-Сұлтан уақытымен

Бөлісу
Жоғары