Ұлттық құраманың нақты тізімі белгілі болды

Ұлттық құраманың нақты тізімі белгілі болды

13 қыркүйек 2022, 11:46
Оқу-жаттығуы жиыны 14 қыркүйек күні елордада басталады.

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев УЕФА Ұлттар лигасында Беларусь (22 қыркүйек) және Әзербайжан (25 қыркүйек) командаларымен өтетін ойындарға шақырылған ойыншылардың нақты тізімін жариялады.

Қорытынды тізімге 27 ойыншы енді.

Қақпашылар: Игорь Шацкий («Шахтер»), Мұхаммеджан Сейсен («Тараз»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»);

Қорғаушылар: Сергей Малый, Александр Марочкин, Бағдат Қайыров (барлығы – «Тобыл»), Елдос Ахметов («Тараз»), Михаил Габышев, Талғат Көсепов (екеуі де – «Астана»), Марат Быстров («Ахмат», Ресей), Темірлан Ерланов, («Ақтөбе»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей);

Жартылай қорғаушылар: Юрий Логвиненко, Рамазан Оразов, (екеуі де – «Ақтөбе»), Асхат Тағыберген, Самат Жарынбетов (екеуі де – «Тобыл»), Аслан Дарабаев, Тимур Досмағамбетов, Исламбек Қуат (барлығы – «Астана»), Ян Вороговский («Моленбек», Бельгия), Бақтиер Зайнутдинов (ЦСКА, Ресей), Эльхан Астанов («Ордабасы»), Әділет Садыбеков («Қайрат»);

Шабуылшылар: Абат Айымбетов («Астана»), Абылайхан Жұмабек («Тараз»), Артур Шушеначев («Қайрат»), Роман Муртазаев («Шахтер»);

Жаттықтырушылар штабы: Магомед Адиев – бас бапкер, Евгений Коструб – бас бапкердің көмекшісі, Руслан Балтиев – бас бапкердің көмекшісі, Валерий Ситало – қақпашылардың жаттықтырушысы, Ерлан Ибраим – дене даярлығы жаттықтырушысы, Заур Нозадзе – сарапшы бапкер.

Бөлісу
Жоғары