ҚФФ Эдыген Юмашевті 60 жасқа толуымен құттықтайды

ҚФФ Эдыген Юмашевті 60 жасқа толуымен құттықтайды

08 қыркүйек 2022, 10:10
Бүгін төрешілік қызметінде бірнеше жыл қызмет атқарған, бүгінде ел чемпионатының ойындарында инспектор болып жүрген тәжірибелі маман Эдыген Юмашев мерейтойлы 60 жасқа толып отыр.

Оның еңбек жолы толықтай спортпен байланысты. Әр жылдары спорттық білім беру мекемелерінде ұстаз болып, Қазақстан футбол федерациясында бірнеше лауазымды қызметтерді атқарды. Бүгінде ұйымның төрелік ету және қадағалау департаментінде еңбек етеді.

Қазақстан футбол федерациясы мерейтой иесі Эдыген Юмашевке шын жүректен зор денсаулық, отбасылық амандық және үлкен табыстар тілейді.

Бөлісу
Жоғары