Қазақстан әйелдер құрамасының матчына аккредитация алу

Қазақстан әйелдер құрамасының матчына аккредитация алу

04 қыркүйек 2022, 16:10
Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі 2023 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу турнирінде Қазақстан әйелдер құрамасының Эстониямен өтетін ойынына аккредитация алу үшін өтініштер қабылдайды.

Қазақстан мен Эстония құрамалары арасындағы кездесу 6 қыркүйек күні өтеді. Ойын Қарағандының «Шахтер» стадионында жергілікті уақытымен 19:00-де басталады.

Аккредитация алуға өтінімдерді ҚФФ баспасөз қызметінің press@kff.kz электрондық поштасына жіберу қажет.

Аккредитацияны ерте алу үшін Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне хабарласыңызды сұраймыз: +7 (778) 281-81-26.

Бөлісу
Жоғары