Әселхан Тұрлыбекова: «Іріктеу кезеңін жеңіспен аяқтағымыз келеді»

Әселхан Тұрлыбекова: «Іріктеу кезеңін жеңіспен аяқтағымыз келеді»

05 қыркүйек 2022, 15:23
Қазақстан әйелдер құрамасының жартылай қорғаушысы Әселхан Тұрлыбекова ҚФФ баспасөз қызметіне берген сұхбатында Словениямен өткен матч және Эстония командасына қарсы өтетін ойын туралы айтып берді.

– Словениямен ойын өте тартысты болды. Қарсылас команданың дәрежесі мықты екеніне қарамастан, біз жақсы ойын көрсетуге тырыстық. Өкінішке қарай, өзіміз қателіктер жіберіп, екі гол өткізіп алдық. Словения – біздің топта фаворит екенін айта кету керек. Енді алдағы Қарағандыда болатын Эстонияға қарсы матчта бар күшімізді салып, осы әлем чемпионатының іріктеу кезеңін жеңіспен аяқтауға ниеттенеміз.

Бөлісу
Жоғары