Қазақстан жастар құрамасы Беларусьпен тең ойнады

Қазақстан жастар құрамасы Беларусьпен тең ойнады

28 қыркүйек 2022, 09:42
Он күнге созылған оқу-жатттығу жиыны аяқталды.  

Минск қаласында өткен оқу-жаттығу аясында 20 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы кезекті жолдастық ойынын Беларусьпен өткізіп, 1:1 есебімен тең түсті. Екі гол да бірінші таймда соғылды. Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородов (нәтижелі пастың авторы - Нұрғайни Бөрібаев) ойынның 32-минутында есеп ашса, алаң иелері араға он минут салып Егор Карпицкий соққан голдан кейін таразы басын теңестірді.

Бұған дейін Қайрат Нұрдәулетов командасы Ресей (1:2) жастарымен жолдастық матч өткізген еді.

Беларусь U-20 – Қазақстан U-20 – 1:1 (1:1)

Голдар: Карпицкий 42 – Самородов 32.

Бөлісу
Жоғары