Қазақстан мен Ресей жастары жолдастық матч өткізді

Қазақстан мен Ресей жастары жолдастық матч өткізді

25 қыркүйек 2022, 00:51
Ойын Минск қаласындағы «Трактор» стадионында өтті.

Беларусь елінде өтіп-жатқан оқу-жаттығу жиынында Қайрат Нұрдәулетов жаттықтыратын Қазақстан жастар құрамасы Ресеймен ойнап, 1:2 есебімен жол берді.

Ойынның алғашқы бөлігінде ресейлік команданың шабуылшысы Константин Тюкавин екі гол соқты. 

Қазақстандық футболшылар екінші таймның соңына қарай есеп айырмасын қысқарта алды. Байжан Мәделханнан тамаша пас алған Нұрғайни Бөрібаев қарсыластың қақпасын тура көздеді. 

Келесі жолдастық ойын 27 қыркүйек күні Беларусь жастарына қарсы өтеді. Кездесу елорда уақытымен 19:00-де басталады.

Ресей U-20 – Қазақстан U-20 – 2:1 (2:0)

Голдар: Тюкавин 33, 41 (пенальти) – Бөрібаев 86

Бөлісу
Жоғары