Қазақстан – Беларусь матчына аккредитацияға өтініш қабылдау басталды

Қазақстан – Беларусь матчына аккредитацияға өтініш қабылдау басталды

15 қыркүйек 2022, 14:59
Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі 2022 жылғы УЕФА Ұлттар лигасында Қазақстан құрамасының Беларусьпен өтетін ойынына аккредитация алу үшін өтініштер қабылдайды.

Қазақстан мен Беларусь құрамалары арасындағы кездесу 22 қыркүйек күні өтеді. Ойын «Астана Арена» стадионында елорда уақытымен 20:00-де басталады.

БАҚ өкілдерін тіркеу мерзімі 2022 жылдың 20 қыркүйегі сағат 12:00-ге дейін жалғасады. Аккредитацияларды 21 қыркүйек күнгі баспасөз маслихатында алуға болады.

Аккредитациялық бейдждерді алдын ала беру жөнінде Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне мына телефондар арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз: +7 (778) 281 81 26.

Аккредитация алу үшін журналистің аты-жөні, жеке куәлігі мен байланыс нөмірі жазылған, бұқаралық ақпарат құралы жетекшісінің қолы мен мөрі қойылған ұсынымды (ресми бланк) баспасөз қызметінің электронды поштасына press@kff.kz жіберу керек. Сонымен қатар, матча жұмыс істейтін БАҚ өкілдерінің қызметі (журналист, фотограф, тв, радио) көрсетілуі тиіс.

Жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін және көрсетілген мерзімнен кейін жіберілген өтініштер қабылданбайды.

Назар аударыңыздар! Журналистерге берілген орындар саны шектеулі. БАҚ үшін аккредитация саны – 2 (корреспондент/фотограф/бейнеоператор).

 

Матчтың медиа жоспары (елорда уақыты көрсетілген):

21 қыркүйек («Астана Арена» стадионы, Нұр-Сұлтан)

17:00 – Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері мен ойыншысының баспасөз мәслихаты;

17:30 – Қазақстан ұлттық құрамасының жаттығуы. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін 15 минут ашық;

18:30 – Беларусь ұлттық құрамасының бас бапкері мен ойыншысының баспасөз мәслихаты;

19:00 – Беларусь ұлттық құрамасының жаттығуы. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін 15 минут ашық; 

22 қыркүйек («Астана Арена» стадионы, Нұр-Сұлтан)

20:00 – Қазақстан – Беларусь матчы.

Бөлісу
Жоғары