ҚФФ Парижде өткен ФИФА семинарына қатысуда

ҚФФ Парижде өткен ФИФА семинарына қатысуда

14 қыркүйек 2022, 09:05
ФИФА-ның Париждегі кеңсесінде Халықаралық футбол федерациясына (ФИФА) мүше еуропалық қауымдастықтардың өкілдеріне арналған семинар өтіп жатыр.

Қазақстан футбол федерациясының атынан семинарға бас хатшы Олжас Абраев пен халықаралық департамент директоры Аян Әлжанов барды.

Еуропалық футбол қауымдастықтарына ұйымдастырылған семинарда FIFA FORWARD 3.0. бағдарламасының даму кезеңдері мен жетістіктері туралы айтылды.

Күн тәртбінің маңызды сұрақтарының бірі ФИФА мен ұлттық қауымдастықтар арасында өзара қарым-қатынастың тиімділігін арттыру болды.

Сонымен қатар ФИФА өкілдері жас дарындарды дамыту, жасөспірімдер және қыздар футболы туралы жобаларды таныстырды. 

Бөлісу
Жоғары