ҚФФ Апелляциялық комитетінің жиыны өтті
22 қазан 2022, 18:42
«Тобыл» және «Каспий» футбол клубтары ҚФФ Тәртіп ережесіне сәйкес Тәртіптік-бақылау комитетінің 2022 жылдың 18 қазанында өткен шешіміне аппеляциялық шағым түсірді.
2022 жылдың 22 қазанында өткен комитет жиынында матчтың ресми тұлғаларының баянаттары мен түсіндірме құжаттары, «Тобыл» және «Каспий» футбол клубтарының апелляциялық шағымдары, сонымен қатар фото-видеоматериалдар қаралды.
Апелляциялық комитет келесі шешімдерді қабылдады:
- «Тобыл» футбол клубына қатысты «үйде өтетін келесі ойынды жанкүйерлерсіз өткізу» санкциясы күшін жою;
- «Тобыл» футбол клубына матчтарды ұйымдастыруда қауіпсіздік шараларын күшейту;
- Істің мән-жәйінің жаңадан ашылуына байланысты «Ақтөбе» футбол клубына команданың техникалық аймағында бөгде адамның жүргеніне байланысты Тәртіптік-бақылау комитетіне қайта талқылауды бағыттау.
- «Каспий» футбол клубына қатысты «ойындарды жанкүйерсіз өткізу» санкциясы «ойындарды жанкүйерсіз өткізудің шартты санкциясына ауыстырылды»;
- «Каспий» футбол клубына қауіпсіздік шараларын күшейту және алдағы уақытта тәртіп бұзушылыққа жол бермеу үшін жанкүйерлерге түсіндіру жұмыстарын жүрігзу.
Жаңалықтар
20 қаз., 13:51
19 қаз., 14:36
13 қаз., 10:54
13 қаз., 00:00
12 қаз., 19:54