Футзалдан Қазақстан құрамасы Черногорияны ұтты

Футзалдан Қазақстан құрамасы Черногорияны ұтты

13 қазан 2022, 00:00
Матч Подгорица қаласында өтті.

Футзалдан Қазақстан құрамасы 2024 жылғы Әлем чемпионатының негізгі іріктеу кезеңінің екінші ойынын сырт алаңда өткізіп, 5:1 есебімен жеңіске жетті.

Біздің құрамадан бұл ойында Лео, Эдсон, Арнольд Кнауб, Альберт Ақбалықов және Тайнан көзге түсті. Черногория құрамасы Маркович соққан голмен жауап қайтарды. 


Черногория – Қазақстан – 1:5 (1:2)

Голдар: Маркович 16 – Лео 10, Эдсон 18, Кнауб 28, Ақбалықов 28, Тайнан 37

Ескерту: Ил. Мугоша 12 – Игита 24, Валиуллин 26

Черногория: Джуркович (қ), Маркович, Чорович, Ил. Мугоша (к), Обрадович – Секулич (қ), Чиркович (қ), Чимбальевич, Асанович, Вукович, Ив. Мугоша, Видакович, Вулетич, Делич;

Қазақстан: Игита (қ) (к), Тайнан, Нұрғожин, Лео, Ақбалықов – Байдулла (қ), Валиуллин, Эдсон, Кнауб, Жұма, Кошкин, Дәрібай, Төреғазин, Мәжитов;

12.10.2022. Черногория, Подгорица, «Верде Комплекс».

Қазақстан ұлттық құрамаларының серіктестері – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және Sport Qory спортты қолдау қоры

Бөлісу
Жоғары