Қазақстан U-17 қыздар құрамасы Румынияны сырт алаңда ұтты
В лигасының 6-тобының ойындары Румыния қаласының Буфтя қаласында өтті.
Кездесудің 21-минутында Қазақстан құрамасының ойыншысы Аяжан Қожабекова керемет соққысымен есеп ашты. Бірінші таймның соңына қарай команда капитаны Әсел Орынбай алыстан соққан голымен есепті еселей түсті.
Екінші таймда Румыния құрамасы есеп айырмасын қысқартты. Қорытынды есеп – 2:1.
Румыния – Қазақстан – 1:2 (0:2)
Голдар: Винча-Вуйя – Қожабекова 21, Орынбай 44
Ескерту: Болбоача 51, Флорица 73 – Ержанова 45+1, Набокова 69, Рысбек 77, Попова 78, Алданазар 89
Алаңнан қуылған: Попова 86 (екінші ескерту)
Румыния WU-17: Молдован (қ), Корсель, Болбоача, Винча-Вуйя, Бобоч, Кристеа, Лазар, Флорица, Сепетеан, Филип, Сзоке;
Резерв: Балог (қ), Неашу, Кара-Джоули, Михаэску, Василе, Илиэску, Мардари, Попа, Стан;
Аға бапкер: Аурора Унгуреану-Добре.
Қазақстан WU-17: Әнуарбек (в), Алданазар, Набокова, Орынбай (к), Катран, Қожабекова, Попова, Бланк, Пересунько, Ержанова, Перейма;
Резерв: Комарова (қ), Бекқожина, Толкачева, Мұхаметжанова, Мақсат, Ырысметова, Цыганова, Рысбек, Абдуллаева;
Аға бапкер: Александра Рудикова.
Төрешілер: Андромачи Циофлики, Георгия Комисопоулу (екеуі де – Грекия), Сулема Гонсалиас (Испания)
11.10.2022. РФФ футбол орталығы, Буфтя.