Футзалдан Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңін жеңіспен бастады

Футзалдан Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңін жеңіспен бастады

08 қазан 2022, 19:41
Словениямен ойын Астанада өтті.

Футзалдан Қазақстан құрамасы 2024 жылғы Әлем чемпионатының негізгі іріктеу кезеңінің алғашқы ойынын Словениямен өткізді - 2:0. 

Кездесудің алтыншы минутында Альберт Ақбалықов есеп ашты. Екінші таймда Дуглас есепті еселеп, ойынды қорытындылады. 

Қазақстан – Словения – 2:0 (1:0)

Голдар: Ақбалықов 6, Дуглас 35

Ескерту: Тотошкович 21

Қазақстан: Игита (қ) (к), Тайнан, Есенаманов, Тұрсағұлов, Дуглас – Байдулла (қ), Нұрғожин, Лео, Валиуллин, Ақбалықов, Кнауб, Жұма, Кошкин, Дәрібай;

Словения: Берзелак (қ), Турк, Тотошкович, Осредкар (к), Хозян – Логар (қ), Ковачич, Весел, Дурич, Буковец, Янеж, Чех, Фидершек;

Төрешілер: Камил Четин, Озан Сойкан, Угур Чакмак (барлығы – Түркия);

08.10.2022. Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы, Астана. 2800 жанкүйер.

Бөлісу
Жоғары