Алматыда қыздар арасында Еуропа чемпионатының іріктеу ойындары өтеді

Алматыда қыздар арасында Еуропа чемпионатының іріктеу ойындары өтеді

04 қазан 2022, 12:07
19 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы Чехия және Андорра құрамаларымен ойнайды.

Қазақстан U-19 қыздар құрамасының қатысуымен 2022/23 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу ойындары Алматы қаласында өтеді. 

Жеребе қорытындысы бойынша біздің қыздар «В» лигасының жетінші тобында Чехия және Андорра құрамаларымен бір топқа түскен еді. Ойындар Т.Сегізбаев атындағы «Қайрат» ФК жасөспірімдер академиясының базасында (Б.Майлин көшесі, 230А‎) өтеді. Барлық кездесудің трансляциясын ҚФФ YouTube-канал ресми арнасынан көре аласыздар. 

Жеті топтан құралған «В»  лигасының командалары «А» лигасының жолдамасына таласады. Топтың жеңімпаздары жоғары дивизионға өтеді. 

 

«В» лигасының 7-тобының ойын кестесі (елорда уақыты көрсетілген):

05.10.2022. 14:00

Қазақстан WU-19 – Чехия WU-19

 

08.10.2022. 14:00

Чехия WU-19 – Андорра WU-19

 

11.10.2022. 14:00

Андорра WU-19 – Қазақстан WU-19

Бөлісу
Жоғары