Қазақстан мен Словения ойынына аккредитация қабылданады

Қазақстан мен Словения ойынына аккредитация қабылданады

03 қазан 2022, 18:19
Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі футзалдан ӘЧ-2024 іріктеу кезеңі аясында Қазақстан мен Словения құрамалары арасында өтетін ойынға аккредитация алу үшін өтініштер қабылдайды.

Аккредитация алу үшін журналистің аты-жөні, жеке куәлігі мен байланыс нөмірі жазылған, бұқаралық ақпарат құралы жетекшісінің қолы мен мөрі қойылған ұсынымды (ресми бланк) баспасөз қызметінің электронды поштасына press@kff.kz жіберу керек. Сонымен қатар, матча жұмыс істейтін БАҚ өкілдерінің қызметі (журналист, фотограф, тв, радио) көрсетілуі тиіс.

Қазақстан – Словения ойыны 8 қазан күні елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді. Басталуы – 18:00.

Бөлісу
Жоғары