Қазақстан U-17 қыздар құрамасының Еуро-2022/23 іріктеу ойындарына қатысатын құрамы

Қазақстан U-17 қыздар құрамасының Еуро-2022/23 іріктеу ойындарына қатысатын құрамы

03 қазан 2022, 14:58
17 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу ойындарына қатысады.

Қазақстан U-17 қыздар құрамасының Еуро-2022/23 іріктеу ойындарына қатысатын құрамы белгілі болды.

Біздің команда Литва және Румыниямен бірге «В» лигасының тобына түсті. Ойындар Румынияның Буфтя қаласында өтеді.

Алты топтан құралған «B» лигасының командалары «А» тобының жолдамасына таласады. Топтың жеңімпаздары мен екінші орын алған үздік үш команда жоғары дивизионға өтеді. «А» лигасының ойындары 2023 жылдың көктеміне жоспарланған. Жеребе тарту рәсімі 7 желтоқсанда өтеді.  

 

Қазақстан WU-17 қыздар құрамасының ойын кестесі:

08.10.2022. Литва WU-17 – Қазақстан WU-17 – 21:00

11.10.2022. Қазақстан WU-17 – Румыния WU-17 – 21:00

 

Қазақстан қыздар құрамасының WU-17 құрамы:

Қақпашылар: Әсел Әнуарбек (БЖМОРСМ №17), Алина Комарова («Шахтер»);

Қорғаушылар: Әсел Орынбай («БИІК-Шымкент»), Александра Набокова («Шахтер»), Гүлизат Рысбек (БЖМОРСМ №17), Аружан Саржанова (Қ.Мұңайтпасов атындағы ОРРММИК), Назым Алданазар («Қайрат»), Анель Бланк («Жетісу»), Аделия Бекқожина («Астана»);

Жартылай қорғаушылар: Анастасия Перейма («Астана»), Жанеля Ержанова, Эльнура Катран, Элина Ырысметова (барлығы – «Томирис-Тұран»), Диана Нақыпбек («Шахтер»), Аяжан Қожабекова («Ақсу»), Эльмира Абдулаева, Томирис Рахатжан (екеуі де – «Қайрат»), Полина Тучина, Виктория Цыганова, Дарья Толкачева, Вероника Пересунько (барлығы – «Ақжайық»), Валерия Попова (БЖМОРСМ №17);

Шабуылшылар: Анель Мұхаметжанова («Ақсу»), Анель Мақсат («Қайрат»);

Жаттықтырушылар штабы: Александра Рудикова – аға бапкер, Петр Пак – аға бапкердің көмекшісі, Александр Борисов – қақпашылардың бапкері.

Бөлісу
Жоғары