Олжас Абраев «Интер» – «Барселона» матчына делегат болып тағайындалды

Олжас Абраев «Интер» – «Барселона» матчына делегат болып тағайындалды

04 қазан 2022, 11:48
Ойын Миландағы «Сан Сиро» стадионында өтеді.

Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Олжас Абраев УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі италиялық  «Интер» және испаниялық «Барселона» арасындағы ойынның делегаты болып тағайындалды. 

Ойын 4 қазаннан 5 қазанға қараған түні Астана уақытымен 01:00-де өтеді. 

УЕФА делегаты – матчты ұйымдастыруға жауапты, қауіпсіздік сұрақтары мен жарыстың тәртібін сақтауды бақылайтын УЕФА-ның ресми өкілі. 

Олжас Абраев 2013 жылдан бастап УЕФА матчтарының делегаты қызметін атқарып келеді. Ал 2016 жылдан бастап ФИФА матчтарының комиссары, сонымен қатар УЕФА-ның маркетинг бойынша консультативті кеңесінің мүшесі. 

Бөлісу
Жоғары