Қазақстан U-19 қыздар құрамасының тізімі

Қазақстан U-19 қыздар құрамасының тізімі

04 қазан 2022, 17:36
Іріктеу ойындары Алматы қаласында өтеді.

19 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасының 2022/23 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің ойындарына шақырту алған құрамы белгілі болды.

Тізімге 20 ойыншы енді:

Қақпашылар: Анастасия Хохлова (Қ.Мұңайтпасов атындағы ОРРММИК), Арина Орел («Ақсу»);

Қорғаушылар: Аделя Абжан, Мәдина Байсет, Дарина Глухих (барлығы – «Жас Қыран»), Камила Исатаева («Жас Сұңқар»), Қазына Норбаева («БИІК-Шымкент»), Кәмшат Жаңаева («Оқжетпес»), Диана Жақсыбекова («Шахтер»);

Жартылай қорғаушылар: Рамина Иманжанова, Лунара Мыңжасар (екеуі де – Қ.Мұңайтпасов атындағы ОРРММИК), Надежда Хегай («Жас Қыран»), Анастасия Кручинина, Милана Ткач (екеуі де – «Самұрық»), Маргарита Талдыкина, Сарбиназ Тұрсынқұл (екеуі де – БЖМОРСМ №17);

Шабуылшылар: Нұрсұлу Балжан, Анастасия Тян (екеуі де – БЖМОРСМ №17), Валерия Прохорова («Оқжетпес»), Яна Романова («Шахтер»).

Жаттықтырушылар штабы: Орынбасар Дәуренбекова – аға бапкер, Валентина Пенькова – аға бапкердің көмекшісі, Рамиль Хамитов – қақпашылардың бапкері.

2022/23 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің «В» лигасының жетінші тобының ойындары Алматы қаласында өтеді. Барлық ойындарды Қазақстан футбол федерациясының ресми YouTube-арнасынан көре аласыздар.

Ойын кестесі (елорда уақытымен):

05.10.2022. 14:00

Қазақстан WU-19 – Чехия WU-19

 

08.10.2022. 14:00

Чехия WU-19 – Андорра WU-19

 

11.10.2022. 14:00

Андорра WU-19 – Қазақстан WU-19

Бөлісу
Жоғары