Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде көтерілді

Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде көтерілді

06 қазан 2022, 16:13
Қазақстан ұлттық құрамасы Халықаралық футбол қауымдастықтарының федерациясы (ФИФА) жариялаған рейтингте бір сатыға жоғарылады. Жаңа рейтинг 2022 жылдың 6 қазанында шықты.

Қазақстан құрамасы жаңартылған рейтингте 113-орынға жайғасты. 

Айта кетейік, Магомед Адиев жаттықтыратын Қазақстан құрамасы қыркүйекте екі ойын өткізді: Беларусь (2:1) және Әзербайжанмен (0:3) ойнады.

ФИФА рейтингі. 6 қазан 2022 жыл:

1. Бразилия – 1841 ұпай

2. Бельгия – 1816

3. Аргентина – 1773

4. Франция – 1759

5. Англия – 1728

6. Италия – 1726

7. Испания – 1715

8. Нидерланд – 1694

9. Португалия – 1676

10. Дания – 1666

112. КХДР – 1169

113. Казахстан – 1166

114. Мозамбик – 1165

211. Сан-Марино – 762.

Рейтингтің толық нұсқасымен ФИФА-ның ресми сайтында танысуға болады.

Бөлісу
Жоғары