Магомед Адиев: «Қиын қарсыластармен қызықты ойындар күтіп тұр»

Магомед Адиев: «Қиын қарсыластармен қызықты ойындар күтіп тұр»

09 қазан 2022, 18:18
Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев ҚФФ баспасөз қызметіне берген сұхбатында Еуро-2024 іріктеу кезеңінің жеребесіне қатысты пікір қалдырды.

– Магомед Мұсаұлы, жеребе қорытындысы туралы пікіріңіз қандай?

– Қарсыластарды қиын деп айтуға болады. Бүгінгі таңда оңай қарсыластар жоқ. Өте мықты топқа түстік деп ойлаймын. Нақты көшбасшы жоқ. Дегенмен Дания құрамасы даму жолына шықты. Олардың жас ойыншыларының деңгейі өте жоғары. Дат футболшылары топтың фавориті болады деп санаймын.

Қарсыластар туралы мәліметтерді біртіндеп жинай бастаймыз. Бізді қиын қарсыластармен қызықты ойындар күтіп тұр. Бәсекеге төтеп беруге тырысамыз.

– Осындай қарсыластарды күттіңіз бе?

– Шыны керек, күткен жоқпын. Біздің топқа грандтардың бірі түседі деп ойладым. Мықты қарсыластардан құралған тең топ шықты.

Бөлісу
Жоғары