Қазақстан құрамасының жолдастық матчтарға арналған ойыншыларының тізімі

Қазақстан құрамасының жолдастық матчтарға арналған ойыншыларының тізімі

28 қазан 2022, 17:03
Кеңейтілген тізімге 30 ойыншы енді.

Қазақстан ұлттық құрамасының қарашада өтетін жолдастық матчтарына шақырылған ойыншыларының тізімі анықталды.

Оқу-жаттығу жиыны 10 қараша күні Алматыда басталады.

Қазақстан құрамасы 16 қараша күні Өзбекстанмен кездессе, 19 қарашада Біріккен Араб Әмірліктері құрамасымен ойнайды. Қос кездесу де сырт алаңда өтеді.

Тізімге 30 ойыншы енді:

Қақпашылар: Игорь Шацкий («Шахтер»), Мұхаммеджан Сейсен («Тараз»), Данил Устименко («Қайрат»), Александр Заруцкий («Астана»);

Қорғаушылар: Сергей Малый, Александр Марочкин, Бағдат Қайыров (барлығы – «Тобыл»), Абзал Бейсебеков, Михаил Габышев, Тимур Досмағамбетов (барлығы – «Астана»), Марат Быстров («Ахмат», Ресей), Темірлан Ерланов, Дмитрий Шомко, Әлібек Қасым (барлығы – «Ақтөбе»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Сұлтанбек Астанов («Қайрат»), Ян Вороговский («Моленбек», Бельгия);

Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов, Максим Самородов (екеуі де – «Ақтөбе»), Асхат Тағыберген («Тобыл»), Аслан Дарабаев, Исламбек Қуат (екеуі де – «Астана»), Бақтиер Зайнутдинов (ЦСКА, Ресей), Эльхан Астанов («Ордабасы»), Әділет Садыбеков, Андрей Ульшин (екеуі де – «Қайрат»);

Шабуылшылар: Абат Айымбетов («Астана»), Абылайхан Жұмабек («Тараз»), Айбар Жақсылықов («Тобыл»), Артур Шушеначев («Қайрат»);

Жаттықтырушылар штабы: Магомед Адиев – бас бапкер, Евгений Коструб – бас бапкердің көмекшісі, Руслан Балтиев – бас бапкердің көмекшісі, Валерий Ситало – қақпашылардың жаттықтырушысы, Ерлан Ибраим – дене даярлығы жаттықтырушысы, Магомед Нозадзе – сарапшы бапкер.

Қазақстан ұлттық құрамаларының серіктестері – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және Sport Qory спортты қолдау қоры

Бөлісу
Жоғары