Қазақстан U-17 құрамасы Минскте өтетін Даму кубогына қатысады
Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиынының басталуы 27 қаңтарда Астана қаласында жоспарланған.
Трофей үшін сегіз құрама таласатын болады: Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Ресей, Иран, Беларусь (барлығы – U-17), сондай-ақ 16 жасқа дейінгі Беларусь және Ресей құрамалары.
Командалар екі топқа бөлінеді. «А» тобында біздің команда Беларусь, Өзбекстан және Ресей U-16 құрамаларымен ойнайды. «В» тобы Беларусь U-16, Ресей, Тәжікстан және Иран командаларынан тұрады.
Даму Кубогы-2023 матчтарының кестесі (Астана уақытымен):
5 ақпан (жексенбі)
13:30 Қазақстан – Ресей U-16
15:50 Ресей – Тәжікстан
18:10 Беларусь U-16 – Иран
21:00 Беларусь – Өзбекстан
7 ақпан (сейсенбі)
14:00 Қазақстан – Өзбекстан
16:20 Ресей – Иран
18:40 Беларусь U-16 – Тәжікстан
21:00 Беларусь – Ресей U-16
9 ақпан (бейсенбі)
14:00 Ресей U-16 – Өзбекстан
16:20 Тәжікстан – Иран
18:40 Беларусь U-16 – Ресей
21:00 Беларусь – Қазақстан
11 ақпан (сенбі)
13:00 «А» тобының төртінші орны – «В» тобының төртінші орны
15:20 «А» тобының үшінші орны – «В» тобының үшінші орны
17:40 «А» тобының екінші орны – «В» тобының екінші орны
20:00 «А» тобының жеңімпазы – «В» тобының жеңімпазы.