Қазақстан U-17 құрамасының Еуро-2023/24 іріктеу кезеңіндегі қарсыластары белгілі болды

Қазақстан U-17 құрамасының Еуро-2023/24 іріктеу кезеңіндегі қарсыластары белгілі болды

08 желтоқсан 2022, 16:12
Швейцарияның Ньон қаласында 17 жасқа дейін жасөспірімдер арасындағы 2023/24 жылдың Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды.

Қазақстан U-17 құрамасы 7-тобына Түркия, Шотландия және Беларусь құрамаларымен түсті. Ойындар 21-27 қазан аралығында Түркияда өтеді.

Турнир ережесі бойынша әр топтың екі мықты команда және үшінші орын алған үздік бес команда (өз тобының екі көшбасшысымен кездесу қорытындысы бойынша) элиталық кезеңге өтеді.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары