Қазақстан құрамасы маусымның соңғы ойынын БАӘ құрамасымен өткізді

Қазақстан құрамасы маусымның соңғы ойынын БАӘ құрамасымен өткізді

20 қараша 2022, 02:29
Жолдастық ойын Абу-Даби қаласында «Аль-Нахайян» стадионында өтті.

Кездесуде Қазақстан құрамасы алаң иелеріне 1:2 есебімен жол берді. Біріккен Араб Әмірлектері құрамасынан Фабио Лима қос голдың авторы атанды. Ал біздің құрамадан Абат Айымбетов көзге түсті.

 

БАӘ – Қазақстан – 2:1 (1:0)

Голдар: Лима 13, 71 – Айымбетов 62.

Ескерту: Әліп 50, Досмағамбетов 67, Тағыберген 75.

Алаңнан қуылған: Марочкин 80.

БАӘ: Халид Эйза, Шахин Аль-Маазми (Халид Аль-Хашми 46), Халифа Аль-Хаммади (Абдусалам Мохаммед 90+2), Ахмад Джамиль, Халед Ибрагим, Маджед Хассан, Маджид Рашид, Абдалла Рамадан (Тахнун аль-Зааби 72), Хариб Абдалла (Аль Хассан 46), Кайо Канедо (Яхья аль Гассани 83), Фабио де Лима.

Қазақстан: Шацкий, Әліп, Марочкин, Малый (Ерланов 76), Досмағамбетов (Шомко 76), Қайыров (Габышев 63), Зайнутдинов, Тағыберген (Исламхан 76), Қуат, Э.Астанов (Самородов 72), Айымбетов (Жақсылықов 72).

Төрешілер: Махмуд Аль-Банна, Ахмед Эль-Дин, Сами Абу-Зейд, Ибрахим Эль-Дин (барлығы – Мысыр).

19.11.2022. Абу-Даби, «Аль-Нахаян» стадионы.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары