Қазақстан U-19 құрамасы. Ойыншылардың тізімі жариялады

Қазақстан U-19 құрамасы. Ойыншылардың тізімі жариялады

13 қараша 2022, 15:53
19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға бапкері Вахид Масудов Еуро-2023 іріктеу ойындары қарсаңында оқу-жаттығу жиынына шақырылған футболшылардың тізімін жариялады.

Қазақстан U-19 командасы Еуро-2023 іріктеу кезеңінде үш ойын өткізеді. Қарсыластары – Шотландия, Франция және Исландия.

Біздің жасөспірімдер Талғар базасында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Содан соң іріктеу ойындары өтетін Шотландияға жол тартады.

Қазақстан U-19 жасөспірімдер құрамасының тізімі:

Қақпашылар: Никита Политик, Мирас Рихард (екеуі де – «Қайрат»), Тимур Носков («Ақсу»);

Қорғаушылар: Аслан Ахмедов, Александр Мрынский, Әмірали Оразбек, Сұлтан Асқаров, Сергей Иванов, Рамазан Кәрімов (барлығы – «Қайрат»), Әли Тұрганов («Оңтүстік»);

Жарлытай қорғаушылар: Әліби Мұхит, Мирас Оматай (екеуі де – «Қайрат»), Азамат Қалымбетов («Жас Қыран»), Нұрдәулет Байбосынов («Тараз»), Саламат Жұмабеков («Астана»), Давид Есімбеков («Жетісу»);

Шабуылшылар: Сэйф Попов, Ян Труфанов (екеуі де – «Қайрат»), Мұқағали Пангерей («Оқжетпес»), Мағжан Тоқтыбай («Оңтүстік»);

Бапкерлер штабы: Вахид Масудов – аға бапкер, Иван Азовский – аға бапкердің көмекшісі, Юрий Ишутин – қақпашылардың жаттықтырушысы, Илья Завадский – дене даярлығы жаттықтырушысы.

 

Ойын кестесі (Астана уақыты көрсетілген):

16 қараша | 20:00

Франция U-19 – Қазақстан U-19

 

19 қараша | 21:00

Шотландия U-19 – Қазақстан U-19

 

22 қараша | 19:00

Қазақстан U-19 – Исландия U-19

Бөлісу
Жоғары