Серіков Игитаның орнына Қазақстан құрамасына шақырту алды

Серіков Игитаның орнына Қазақстан құрамасына шақырту алды

09 қараша 2022, 12:12
Футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Черногорияға қарсы ойыны қарсаңында Қазақстан құрамасында тағы да өзгеріс орын алды.

Команда капитаны Лео Игита ойыналды жаттығуда арқа жарақатын алды. Оның орнына алматылық «Қайраттың» қақпашысы Нарун Серіков ұлттық құрамаға шақырылды. 

Осылайша, жарақаттарына байланысты Черногорияға қарсы Эдсон, Дәурен Нұрғожин және Игита ойнамайды.

Естеріңізге сала кетейік, матч бүгін, 9 қарашада, Алматы қаласында Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді. Кездесудің басталуы сағат 20:00-де.

Бөлісу
Жоғары