Астанада жекеменшік мектептер арасында Республикалық турнир басталды 

Астанада жекеменшік мектептер арасында Республикалық турнир басталды 

04 қараша 2022, 12:15
2021 жылы Қазақстан футбол федерациясының бастамасымен жекеменшік футбол мектептері мен академияларының футбол лигасы құрылып, «JKFL» деген атау алды.

Елордада жекеменшік футбол мектептері мен академияларының арасында Қазақстан чемпионатының екінші маусымының финалдық кезеңі басталды. 

Турнирге еліміздің барлық өңірінен 39 мектеп қатысып жатыр. Жарыс төрт жас ерекшелігі бойынша әртүрлі форматта өтуде: 2012-2013 жж. 10 команда  («5+1» форматы), 2010-2011 жж. 10 команда  («7+1» форматы), 2008-2009 жж. 12 команда («8+1» форматы) және 2006-2007 жж. 7 команда («10+1» форматы). Финалдық кезең 7 қарашада өтеді.

Айта кетейік, 2021 жылы Қазақстан футбол федерациясының бастамасымен жекеменшік футбол мектептері мен академияларының футбол лигасы құрылып, «JKFL» деген атау алды. Жоба еліміздің шалғай аймақтарын түгелдей қамтиды. 

«JKFL» финалдың кезеңінің қатысушы командалары:

2012-2013 жж.

NGFS – Алматы 

Sporting – Жезқазған

El Clasico – Астана 

Aiiez – Алматы 

Арландар – Астана 

Forsage – Өскемен 

Академик – Орал

Отаралы – Атырау 

Mansur – Шымкент

Намыс – Ақтау

 

2010-2011 жж.

El Clasico – Астана 

Vista – Астана 

Sporting – Жезқазған

Realsport – Атырау 

Forsage – Өскемен 

Pro Football – Қостанай

Bolashaq – Орал

Сұңқар – Тараз 

Dostar – Алматы 

Намыс – Ақтау 

 

2008-2009 жж.

El Clasico – Астана 

Тұран Астана – Астана 

Realsport – Атырау 

Sparta – Алматы

Dostar – Алматы 

Арқалық жастары – Арқалық

Lifestyle – Ақтөбе

Bolashaq – Орал

Khan – Қызылорда

Snow kids – Өскемен

Mansur – Шымкент

Намыс – Ақтау

 

2006-2007 жж. 

Арсенал – Атырау 

Арлан – Шымкент 

Vista – Астана

Целиноград – Астана

Арқалық жастары – Арқалық

Lifestyle – Ақтөбе

Maykuduk – Қарағанды

Жарыс туралы толық ақпаратты «JQFL» әлеуметтік желіллерінің ресми инстаграм-парақшасынан алуға болады.

Бөлісу
Жоғары