Қазақстан – Черногория матчына аккредитация алу

Қазақстан – Черногория матчына аккредитация алу

01 қараша 2022, 18:38
Қазақстан футбол федерациясы Қазақстан футзал ассоциациясымен бірлесіп, 2024 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан мен Черногория құрамалары арасында өтетін ойынға аккредитация алу үшін өтініштер қабылдайды.

Аккредитация алу үшін журналистің аты-жөні, жеке куәлігі мен байланыс нөмірі жазылған, бұқаралық ақпарат құралы жетекшісінің қолы мен ұйымның мөрі қойылған ұсынымды (ресми бланк) Қазақстан футзал ассоциациясы баспасөз қызметінің электронды поштасына kazfutsal2022@gmail.com жіберу қажет. Сонымен қатар, матча жұмыс істейтін БАҚ өкілдерінің қызметі (журналист, фотограф, тв, радио) көрсетілуі міндет.

Қазақстан – Черногория ойыны 9 қараша күні Алматы қаласы, Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді. Басталу уақыты – 20:00.

Қазақстан – Черногория матчының медиа жоспары:

8 қараша 2022 жыл, Алматы қ., Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы

17:30-17:45 – Черногория құрамасының БАҚ өкілі үшін ашық жаттығуы        

18:45-19:00 – Қазақстан құрамасы бас бапкерінің баспасөз мәслихаты

19:00-19:15 – Қазақстан құрамасының БАҚ өкілі үшін ашық жаттығуы

9 қараша 2022 жыл, Алматы қ., Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы

20:00 – Қазақстан – Черногория ойыны

Матч аяқталған соң Қазақстан құрамасы бас бапкерінің баспасөз мәслихаты және ойыншылардың flash сұхбаты ұйымдастырылады.

Қазақстан – Черногория матчының аккредитациялары тек ойыналды баспасөз мәслихатында беріледі.

Байланыс телефоны: +7 701 444 9940, kazfutsal2022@gmail.com

Қазақстан ұлттық құрамаларының серіктестері – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және Sport Qory спортты қолдау қоры

Бөлісу
Жоғары