Төреғазин Қазақстан ұлттық құрамасына шақырту алды
                    08 қараша 2022, 11:26
                
                                    
                                                    Фото: Черногория футбол одағының баспасөз қызметі
                                            Жарақат алған Дәурен Нұрғожинның орнына рудныйлық «Аяттың» ойыншысы Ринат Төреғазин шақыртылды. Ринат Төреғазин – Қазақстан құрамасының қатарындағы Ақтөбе футболының түлегі. 2017 жылы 6 ақпанда Алматыда Беларусь құрамасымен өткен жолдастық кездесуде алғаш рет ойнады. Қазақстан құрамасында 9 матч өткізді. Қазіргі уақытта тоғыз голмен Olimpbet-Қазақстан чемпионатының үздік сұрмергендері тізімінде көш бастап келеді.
Естеріңізге сала кетейік, 9 қарашада футзалдан Қазақстан құрамасы Черногория құрамасын қабылдайды. Матч Алматы қаласының Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді. Кездесудің басталуы сағат 20:00-де.
Билеттерді zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады. Бағасы – 1000-3500 теңге аралығында.
Жаңалықтар
06 қар., 19:25
                                
                            03 қар., 17:00
                                
                            01 қар., 18:38
                                
                            26 қаз., 21:20