Қазақстандық төрешілер тобы Сербия – Норвегия ойынында қызмет атқарады

Қазақстандық төрешілер тобы Сербия – Норвегия ойынында қызмет атқарады

07 қараша 2022, 19:49
Футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің тоғызыншы тобындағы Сербия мен Норвегия құрамалары арасындағы кездесуге қазақстандық төрешілер тобы тағайындалды.

Бұл ойынға Аслан Галаев және Талғат Қосмұхамбетов (екеуі де – Қостанай) төрелік етеді. Үшінші төреші елордалық Төрехан Тұрсымбаев.

Матч 9 қараша күні Сербияның Пожаревац қаласында өтеді. Ойын Астана уақытымен 23:00-де басталады. 

Бөлісу
Жоғары