Футзалдан Қазақстан құрамасы Черногорияны ірі есеппен ұтты 

Футзалдан Қазақстан құрамасы Черногорияны ірі есеппен ұтты 

09 қараша 2022, 22:20
2024 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің аясында Қазақстан құрамасы Черногорияны қабылдап, 7:0 есебімен жеңіске жетті. 

Қазақстан құрамасы кездесуде жылдам есеп ашты. Көзге түскен Дуглас еді. Әрі қарай жас ойыншы Әбірасул Әбдіманапұлы есепті еселеп, ұлттық құрамадағы алғашқы голын соқты. Бірінші тайм Арнольд Кнаубтың шебер соққысымен аяқталды - 3:0.  

Екінші тайм басталған сәттен Рикардо Кака шәкірттері тағы да жылдам гол соқты. Альберт Ақбалықовқа есепті өзгерту үшін небәрі 35 секунд қажет болды. Әрі қарай Еуро-2022 үздік сұрмергені Біржан Оразов 12 секунд ішінде екі мәрте қарсыластың қақпасынан саңылау тауып, жылдам соғылған дубль авторы атанды. 

Ойын нәтижесін шабуылшы Азат Валиуллин түйіндеді  - 7:0. 

Осы жеңістен кейін Қазақстан құрамасы тоғыз ұпаймен өз тобында бірінші орынмен келеді. Келесі кездесу 2023 жылдың 8 наурызында сырт алаңда Словенияға қарсы өтеді.


Қазақстан – Черногория – 6:0

Голдар: Дуглас 2, Әбдіманапұлы 3, Кнауб 15, Ақбалықов 21, Оразов 24, 24, Валиуллин 39;

Ескерту: Обрадович 10, Чорович 13;

Қазақстан: Байдулла (қ), Дуглас, Тұрсағұлов, Есенаманов (к), Ақбалықов – Серіков (қ), Валиуллин, Кнауб, Жұма, Әбдіманапұлы, Оразов, Қабылбаев, Төреғазин, Кенжеғали;

Бас бапкер: Рикардо Кака.

Черногория: Джуркович (қ), Чорович, Вулетич, Ил. Мугоша (к), Обрадович – Секулич (қ), Чиркович (қ), Чимбальевич, Маркович, Делич, Видакович, Спасоевич, Делич;

Бас бапкер: Свето Льесар.

Төрешілер: Алкофер, Гюндлер (екеуі де – Германия)

09.11.2022. Алматы, Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы. 3 580 жанкүйер.

Қазақстан ұлттық құрамаларының серіктестері – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және Sport Qory спортты қолдау қоры

Бөлісу
Жоғары