Ұлттық құраманың нақты тізімі белгілі болды

Ұлттық құраманың нақты тізімі белгілі болды

11 қараша 2022, 11:26
Оқу-жаттығуы жиыны Алматыда басталады.

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Өзбекстан (16 қараша) және Біріккен Араб Әмірліктері (19 қараша) құрамаларымен өтетін жолдастық ойындарға шақырылған ойыншылардың нақты тізімін жариялады.

Қорытынды тізімге 25 ойыншы енді.

Қақпашылар: Игорь Шацкий («Шахтер»), Данил Устименко («Қайрат»), Александр Заруцкий («Астана»);

Қорғаушылар: Сергей Малый, Александр Марочкин, Бағдат Қайыров (барлығы – «Тобыл»), Абзал Бейсебеков, Михаил Габышев, Тимур Досмағамбетов (барлығы – «Астана»), Темірлан Ерланов, Дмитрий Шомко, (екеуі де – «Ақтөбе»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Сұлтанбек Астанов («Қайрат»);

Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген («Тобыл»), Аслан Дарабаев, Исламбек Қуат (екеуі де – «Астана»), Бақтиер Зайнутдинов (ЦСКА, Ресей), Рамазан Оразов, Максим Самородов (екеуі де – «Ақтөбе»), Эльхан Астанов («Ордабасы»), Бауыржан Исламхан (еркін ойыншы);

Шабуылшылар: Абат Айымбетов («Астана»), Абылайхан Жұмабек («Тараз»), Айбар Жақсылықов («Тобыл»), Артур Шушеначев («Қайрат»);

 

Жаттықтырушылар штабы: Магомед Адиев – бас бапкер, Евгений Коструб – бас бапкердің көмекшісі, Руслан Балтиев – бас бапкердің көмекшісі, Валерий Ситало – қақпашылардың жаттықтырушысы, Ерлан Ибраим – дене даярлығы жаттықтырушысы, Магомед Нозадзе – сарапшы бапкер.

 

Ойын кестесі:

16 қараша 2022 жыл
Өзбекстан – Қазақстан – 19:00
 
19 қараша 2022 жыл
БАӘ – Қазақстан – 21:30

Қазақстан ұлттық құрамаларының серіктестері – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және Sport Qory спортты қолдау қоры

Бөлісу
Жоғары