Өзбекстан – Қазақстан матчында қазақстандық жанкүйерлерге арналған ақпарат

Өзбекстан – Қазақстан матчында қазақстандық жанкүйерлерге арналған ақпарат

15 қараша 2022, 16:30
16 қараша күні Ташкент қаласында Қазақстан мен Өзбекстан құрамалары арасында жолдастық матч өтеді. Ойын Астана уақытымен 19:00-де басталады (жергілікті уақыт – 18:00)

Ойын «Пахтакор» стадионында өтеді (Ислам Каримов даңғылы 98А). Қазақстандық жанкүйерлерге тиісті құжаттарын көрсеткен жағдайда тегін билеттер беріледі. Стадионда қазақстандық жанкүйерлерге 22 және 23 сектор белгіленген. Сол жерде ҚФФ қызметкерлерінен билет алуға болады. Назар аударыңыз! Билет саны шектеулі.

5 жасқа дейінгі балаға стадионға кіру үшін билет қажет емес.

Жанкүйерлер стадионға ойынның басталуына 2 сағат бұрын кіре алады (жергілікті уақытпен 16:00-де бастап).

Бөлісу
Жоғары