ҚФФ президенті Алматы қаласында футбол федерациясының басшылығымен және футбол активімен кездесу өткізді

ҚФФ президенті Алматы қаласында футбол федерациясының басшылығымен және футбол активімен кездесу өткізді

15 қараша 2022, 13:30
Еліміздің оңтүстік астанасында ҚФФ президенті Әділет Барменқұловтың Алматы қаласы футбол федерациясының қызметкерлерімен кездесуі өтті.

Алматы Федерациясы ұжымымен болған кездесуде 2023 жылға арналған міндеттер, стратегия мен даму жоспарлары және Алматы Федерациясының өңірде бұқаралық спортты дамытудың 3 жылдық жоспарын әзірлеу шеңберінде Алматы қаласының әкімдігімен өзара жұмыстары туралы тақырыптар қозғады. Сондай-ақ мақсаты өңірлерде бұқаралық футболды дамыту болып табылатын «ГОЛ» бағдарламасын орындау қорытындылары талқыланды.

«Даму стратегиясында біз елімізде бұқаралық футболды дамыту жөніндегі жобаларды іске асыру жөніндегі міндеттерді айқындадық. Алдағы үш жылдағы негізгі ресурстарды біз бұқаралық және балалар-жасөспірімдер футболын дамытуға, футбол кадрларын даярлау саласында жұмыс жүргізуге, сондай-ақ бұқаралық футбол үшін футбол инфрақұрылымын жаңғырту жөніндегі мәселелерді шешуге бағыттауға ниеттіміз. Біз футбол мемлекеттің әлеуметтік және экономикалық мәселелерін шешудегі тиімді құралдардың бірі екеніне сенімдіміз», – деп ҚФФ басшысы Әділет Назарбайұлы атап өтті.

Бөлісу
Жоғары