Қазақстан құрамасының жаттықтырушысы Англияда өткен УЕФА конференциясына қатысты

Қазақстан құрамасының жаттықтырушысы Англияда өткен УЕФА конференциясына қатысты

18 қараша 2022, 15:24
Ағылшын Бирмингемінде футболдан әйелдер ұлттық құрамасының жаттықтырушылары арасында УЕФА-ның төртінші конференциясы өтті.

Іс-шараның негізгі тақырыбы турнир тарихындағы ең сәтті болған әйелдер арасындағы 2022 жылғы Еуропа чемпионатының техникалық-аналитикалық есебі болды.

Қазақстаннан әйелдер ұлттық құрамасының бас бапкерінің көмекшісі Бегайым Қырғызбаева және ҚФФ техникалық директоры Рафаэль Гарибян қатысты.

Форумда Англияда өткен Еуроның негізгі тактикалық және техникалық сәттері статистика, фактілер, сандар және суреттер түрінде толықтай көрсетілді.

Айта кетейік, 2022 жылғы Еуропа чемпионаты тактикалық интеллект, дене шынықтыру деңгейі, техникалық дағды сияқты әйелдер футболының жаңа стандарттарын белгіледі. Турнирге шолуды УЕФА техникалық бақылаушылар тобы жасады.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары