ҚФФ еліміздің барлық өңірлерінде бұқаралық футбол апталығын ұйымдастырды

ҚФФ еліміздің барлық өңірлерінде бұқаралық футбол апталығын ұйымдастырды

17 қараша 2022, 21:10
Еуропалық спорт апталығы аясында Қазақстанның барлық өңірлерінде жыл сайынғы «УЕФА бұқаралық футбол апталығы» (UEFA Grassroots week) өтті.

УЕФА-ның бұқаралық футбол бағдарламасы бүкіл әлем бойынша футболдың осы түрінің маңыздылығын көрсетеді. Бұл іс-шараның басты мақсаты жас футболшылардың шеберлігін арттыру және елімізде балалар мен жасөспірімдер футболын одан әрі дамыту және танымал ету болды. 

«Футбол апталығы» қарсаңында Қарағанды қаласының аула командалары арасында «Аула футбол лигасы 2022» шағын футболдан жарыс өтті. 

Жарысқа 100-ден астам команда қатысты. Сондай-ақ, Жамбыл облысында 1 қазанда «Ұлан» стадионында 8х8 форматта 2011-2012 ж.т. балалар арасында футболдан турнир өтті. 

Осындай жарыстар мен турнирлер Қазақстанның басқа барлық қалаларында әртүрлі жас санаттары арасында өтті. 

Барлық жеңімпаздар мен номинанттар ҚФФ атынан естелік сыйлықтармен марапатталды.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары