Қазақстан U-19 қыздар құрамасы Еуро-2022/23 екінші раундындағы қарсыластарын білді

Қазақстан U-19 қыздар құрамасы Еуро-2022/23 екінші раундындағы қарсыластарын білді

07 желтоқсан 2022, 18:35
2022/23 жылғы 19 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің екінші раундының жеребесі тартылды. Матчтар 2023 жылдың сәуіріне жоспарланған.

Біздің U-19 командасы Уэльс пен Эстонияға қарсы ойнайтын В лигасының 6 тобына кірді. Ойындар 3-11 сәуір аралығында Уэльсте өтеді.

Екінші раундтың жеребесі:

A Лигасы

A1 тобы: Норвегия, Германия, Ирландия, Хорватия

A2 тобы: Сербия, Польша, Швейцария, Чехия

A3 тобы: Франция, Португалия, Венгрия, Румыния

A4 тобы: Испания, Англия, Словения, Беларусь

A5 тобы: Дания, Швеция, Украина, Исландия

A6 тобы: Аустрия, Италия, Грекия, Босния және Герцеговина

A7 тобы: Нидерланд, Финляндия, Бельгия (турнир иесі), Болгария

 

B Лигасы

B1 тобы: Израиль, Солтүстік Македония, Грузия, Гибралтар

B2 тобы: Түркия, Молдова, Литва, Андорра

B3 тобы: Солтүстік Ирландия, Косово, Кипр, Латвия

B4 тобы: Мальта, Фарер аралдары, Армения

B5 тобы: Словакия, Черногория, Әзербайжан

B6 тобы: Уэльс, Қазақстан, Эстония

B7 тобы: Шотландия, Албания, Лихтенштейн.

Бөлісу
Жоғары