Джанни Инфантино Қазақстанға жұмыс сапарымен келді

Джанни Инфантино Қазақстанға жұмыс сапарымен келді

03 мамыр 2023, 11:00
Халықаралық футбол федерациялары қауымдастығының (ФИФА) президенті Джанни Инфантино жұмыс сапарымен Қазақстан астанасына ұшып келді.

Ресми сапар барысында ФИФА басшысының ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуі жоспарланған. Сондай-ақ, Инфантино ҚФФ манежінде оқушылар арасында өтетін футболдан Ұлттық қыздар лигасының ашылу салтанатына қатысады. Сонымен қатар, ФИФА және ҚФФ президенттері елімізде футболды дамыту бойынша бірлескен жобаларды іске асыру бойынша бірқатар мәселелерді талқылайды.

Айта кетейік, бұл Инфантиноның ФИФА басшысы ретіндегі Қазақстанға алғашқы сапары.

Бөлісу
Жоғары