Алматылық мектеп оқушылары «Былғары доп» турнирінде топ жарды

Алматылық мектеп оқушылары «Былғары доп» турнирінде топ жарды

30 сәуір 2023, 16:01
Астана қаласында футболдан «Былғары доп» ұлтық мектеп лигасының финалдық кезеңі өтті.

Турнир Қазақстан футбол күні және отандық футболдың 110 жылдығына орайластырылды. Жарысты ұйымдастырушы – ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру даярлығы орталығы.

Ұлттық мектеп лигасының жеңімпазы болып Алматы қаласының №31 мектеп-гимназиясы атанды. Күміс жүлде иегерлері Астана қаласының №64 мектеп-лицейінің оқушылары. Қола жүлде «Үлкеншыған» мектебінің (Панфилов ауылы, Жетісу облысы) оқушыларына бұйырды.

Финалдық кезеңге Қазақстанның түкпір-түкпірінен 14 команда, жалпы саны 224 жас футболшы қатысты. 

Айта кетейік, мамыр айының басында Астанада қыздар арасында Ұлттық мектеп лигасының финалдық кезеңі өтеді. 

Бөлісу
Жоғары