Қазақстан жасөспірімдер құрамасы УЕФА Даму турнирінде Беларусьті тізе бүктірді

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы УЕФА Даму турнирінде Беларусьті тізе бүктірді

29 мамыр 2023, 18:52
17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Волгоградта (Ресей) УЕФА Даму кубогының соңғы ойынын өткізді.

Біздің жастарымыз беларусьтік құрдастарын 3:0 есебімен ойсырата жеңді. Голдарды Абзал Сағын, Әмірбек Базарбаев және Павел Апетенок (автогол) соқты.

Осылайша Марат Еслямовтың шәкірттері УЕФА халықаралық турнирінде 6 ұпаймен үшінші орынға тұрақтады. Алғашқы Ресейге қарсы кездесуде жастарымыз 0:5 есебімен есе жіберді, ал екінші ойында Қырғызстанды 4:1 есебімен жеңді. 

Қазақстан U-17 – Беларусь U-17 – 3:0 (1:0)

Голдар: Абзал Сағын 38, Әмірбек Базарбаев 54, Павел Апетенок 58 (автогол). 

29.05.2023. «Олимпия» стадионы, Волгоград, Ресей.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары