Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде сегіз сатыға көтерілді

Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде сегіз сатыға көтерілді

29 маусым 2023, 15:12
Қазақстан ұлттық құрамасы Халықаралық футбол қауымдастықтарының федерациясы (ФИФА) жариялаған рейтингінде жоғарылады. Жаңа рейтинг 2023 жылдың 29 маусымында шықты.

Қазақстан құрамасы жаңартылған рейтингте 8 сатыға көтеріліп, 104-орынға жайғасты. 

Айта кетейік, Магомед Адиев жаттықтыратын Қазақстан құрамасы маусымда Еуро-2024 іріктеу кезеңі аясында сырт алаңда екі ойын өткізді: Сан-Марино (3:0) және Солтүстік Ирландиямен (1:0) ойнады.

ФИФА рейтингі. 29 маусым 2023 жыл:

Жақшада өткендегі рейтингінде жайғасқан орны жазылған

1. (1) Аргентина – 1843.73 ұпай

2. (2) Франция – 1843.54

3. (3) Бразилия – 1828.27

4. (5) Англия – 1797.39

5. (4) Бельгия – 1788.55

6. (7) Хорватия – 1742.55

7. (6) Нидерланд – 1731.23

8. (8) Италия – 1726.58

9. (9) Португалия – 1718.25

10. (10) Испания – 1703.45

19. (19) Дания – 1597.37

54. (56) Финляндия – 1419.19

60. (59) Словения – 1391.04

64. (62) Солтүстік Ирландия – 1361.17

102. (99) Ливан – 1201.74

103. (100) Жаңа Зеландия – 1199.04

104. (112) Қазақстан – 1198.24

105. (102) Кения – 1191.07

106. (103) Конго – 1190.63

211. (211) Сан-Марино – 753.11

Рейтингтің толық нұсқасымен ФИФА-ның ресми сайтында танысуға болады.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары