Футзалдан Қазақстан құрамасының ойын кестесі

Футзалдан Қазақстан құрамасының ойын кестесі

07 шілде 2023, 23:33
2024 жылғы Әлем чемпионатының элиталық іріктеу кезеңінің ойын кестесі жарияланды.

Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы А тобында Нидерланд, Румыния және Әзербайжанмен бір топқа түскен еді. 

Біздің команда үшін элиталық раунд қыркүйек айында сырт алаңда Нидерланд құрамасымен басталады. Іріктеу кезеңінің соңғы ойыны да сырт алаңда желтоқсан айында Румынияда өтеді. 

Топ жеңімпазы Әлем чемпионатының финалдық кезеңіне тікелей жолдама алады. Екінші орын алған командалар 2024 жылдың сәуірінде өтетін өтпелі ойындарға қатысады. 2024 жылғы Әлем чемпионатын Өзбекстан қабылдайды.

Футзалдан Қазақстан құрамасының ойын кестесі: 

15.09.2023

Нидерланд – Қазақстан

20.09.2023

Қазақстан – Румыния

06.10.2023

Әзербайжан – Қазақстан

11.10.2023

Қазақстан – Әзербайжан

14.12.2023

Қазақстан – Нидерланд

20.12.2023

Румыния – Қазақстан

Бөлісу
Жоғары