Қазақстанда балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған футбол фестивалі аяқталды
ҚФФ демеушілігімен бірнеше ай бойы іс-шаралар ұйымдастырылып, олар елімізде балалар үйлерінің тәрбиеленушілері үшін ұжымда жұмыс істеу дағдыларын дамытуға, физикалық және психологиялық денсаулықтарын нығайтуға және қолайлы әлеуметтік ортаны құруға бағытталды.
Фестиваль Қостанай, Павлодар, Тараз, Алматы, Петропавл, Шымкент, Қызылорда, Өскемен және Қарағанды қалаларында ұйымдастырылды. Ауқымды іс-шараның қорытынды кезеңі Бурабай қаласында өтіп, «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында шеберлік сағаты өтті. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетімен бірлесіп ұйымдастырылған шараға Ақмола облысындағы балалар үйінің 50-ге жуық тәрбиеленушісі қатысты.
Айта кету керек, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған футбол фестивалін ұйымдастыруға «AMANAT» партиясы, облыс әкімдіктері, аймақтық футбол федерациялары мен футбол клубтары, сонымен қатар «Жастар арасындағы футболды қолдау және дамыту қоры» қоғамдық қоры атсалысты.