Аңызбен қоштасу
Қоштасу рәсімі Абай атындағы Қазақ ұлттық драма және опера театрында өтті. Әйгілі футбол ардагерін шығарып салуға жүзден аса адам келді.
Шарада қазақ футболының ардаргерлері Құралбек Ордабаев, Павел Новиков, Михаил Гурман, сондай-ақ Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов, ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев көңіл айтты.
«Қазақ халқының нар тұлғасы Сейілда ағамыз арамыздан мәңгі сапарға аттанды. Сейілда ағамыз өмірін футболға арнаған, жайдарлы жан еді. Абыройлы қызмет атқарып, баршамызға үлгі болды. Отандық футболдың дамуына айтарлықтай үлес қосты. Сейілда ағамыздың жарқын бейнесі, ғибратты ғұмыры халықтың жүрегінде мәңгі сақталады. Марқұмның иманы саламат болсын», – деді Әділет Барменқұлов.
Қазақ футболының аңызына айналған, ҚР ардаргерлер футболы одағының президенті, Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі Сейілда Байшақов 72 жасында өмірден озды.