Қазақстан құрамасының Финляндия және Солтүстік Ирландиямен өтетін ойындарға шақырылған ойыншылардың кең тізімі

Қазақстан құрамасының Финляндия және Солтүстік Ирландиямен өтетін ойындарға шақырылған ойыншылардың кең тізімі

22 тамыз 2023, 12:20
Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде Финляндия (7 қыркүйек) және Солтүстік Ирландия (10 қыркүйек) құрамаларымен өтетін матчтарға шақырту алған ойыншылардың тізімін жариялады.

Жалпы тізімге 33 футболшы енді.

Қақпашылар: Игорь Шацкий («Шахтер»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Данил Устименко («Қайрат»), Александр Заруцкий («Астана»);

Қорғаушылар: Сергей Малый, Темірлан Ерланов (екеуі де – «Ордабасы»), Бағдат Қайыров, Роман Асранкулов (екеуі де – «Тобыл»), Александр Марочкин, Михаил Габышев, Тимур Досмағамбетов, Ян Вороговский (барлығы – «Астана»), Еркін Тапалов («Қызылжар»), Марат Быстров («Ахмат», Ресей), Әлібек Қасым («Ақтөбе»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Лев Скворцов («Химки», Ресей);

Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген, Бауыржан Исламхан (екеуі де – «Ордабасы»), Бақтиер Зайнутдинов («Бешикташ», Түркия), Максим Самородов, Арман Кеңесов (екеуі де – «Ақтөбе»), Аслан Дарабаев, Эльхан Астанов, Исламбек Қуат, Абзал Бейсебеков (барлығы – «Астана»), Рамазан Оразов, Ислам Чесноков (екеуі де – «Тобыл»);

Шабуылшылар: Абат Айымбетов, Владислав Прокопенко (екеуі де – «Астана»), Вячеслав Швырев («Қайрат»), Рамазан Кәрімов («Мақтаарал»), Иван Свиридов («Шахтёр»);

Жаттықтырушылар штабы: Магомед Адиев – бас бапкер, Евгений Коструб – бас бапкердің көмекшісі, Руслан Балтиев – бас бапкердің көмекшісі, Валерий Ситало – қақпашылардың жаттықтырушысы, Ерлан Ибраим – дене даярлығы жаттықтырушысы, Амаль Сыздықов – дене даярлығы жаттықтырушысы, Эльшад Хинизов – сарапшы бапкер.

Оқу-жаттығу жиыны 31 тамызда Астанада басталады. Ойыншылардың нақты тізімі кейін белгілі болады.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы қыркүйек айында 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде екі матч өткізеді. 7 қыркүйек күні Магомед Адиев командасы Финляндияны қабылдайды. Ойын елорда уақытымен 20:00-де басталады. Үш күннен кейін біздің құрама Солтүстік Ирландиямен ойнайды. Кездесудің басталуы 19:00-ге жоспарланған. Екі матч та «Астана Арена» стадионында өтеді.

Ойынға билеттерді Ticketon.kz сайтынан сатып алуға болады. Билеттердің бағасы 1500 теңгеден басталады.

«OLIMPBET» букмекер кеңсесі – футболдан Қазақстан құрамасының бас серіктесі

Қазақстан ұлттық құрамаларының серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары