Қазақстан ұлттық құрамасының нақты тізімі белгілі болды

Қазақстан ұлттық құрамасының нақты тізімі белгілі болды

23 тамыз 2023, 21:20
Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Финляндия (7 қыркүйек) және Солтүстік Ирландия (10 қыркүйек) құрамаларымен өтетін Еуро-2024 іріктеу матчтарына шақырылған ойыншылардың нақты тізімін жариялады.

Қорытынды тізімге 26 футболшы енді.

Қақпашылар: Игорь Шацкий («Шахтер»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Александр Заруцкий («Астана»);

Қорғаушылар: Сергей Малый, Темірлан Ерланов (екеуі де – «Ордабасы»), Александр Марочкин, Михаил Габышев, Тимур Досмағамбетов, Ян Вороговский (барлығы – «Астана»), Еркін Тапалов («Қызылжар»), Марат Быстров («Ахмат», Ресей), Әлібек Қасым («Ақтөбе»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Лев Скворцов («Химки», Ресей);

Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген («Ордабасы»), Бақтиер Зайнутдинов («Бешикташ», Түркия), Максим Самородов («Ақтөбе»), Аслан Дарабаев, Эльхан Астанов, Исламбек Қуат, Абзал Бейсебеков (барлығы – «Астана»), Рамазан Оразов («Тобыл»);

Шабуылшылар: Абат Айымбетов, Владислав Прокопенко (екеуі де – «Астана»), Вячеслав Швырев («Қайрат»), Рамазан Кәрімов («Мақтаарал»);

Жаттықтырушылар штабы: Магомед Адиев – бас бапкер, Евгений Коструб – бас бапкердің көмекшісі, Руслан Балтиев – бас бапкердің көмекшісі, Валерий Ситало – қақпашылардың жаттықтырушысы, Ерлан Ибраим – дене даярлығы жаттықтырушысы, Амаль Сыздықов – дене даярлығы жаттықтырушысы, Эльшад Хинизов – сарапшы бапкер.

Оқу-жаттығу жиыны 31 тамызда Астанада басталады.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы қыркүйек айында 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде екі матч өткізеді. 7 қыркүйек күні Магомед Адиев командасы Финляндияны қабылдайды. Ойын елорда уақытымен 20:00-де басталады. Үш күннен кейін біздің құрама Солтүстік Ирландиямен ойнайды. Кездесудің басталуы 19:00-ге жоспарланған. Екі матч та «Астана Арена» стадионында өтеді.

Ойынға билеттерді Ticketon.kz сайтынан сатып алуға болады. Билеттердің бағасы 1500 теңгеден басталады.

«OLIMPBET» букмекер кеңсесі – футболдан Қазақстан құрамасының бас серіктесі

Қазақстан ұлттық құрамаларының серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары