Абат Айымбетов: «Жанкүйерлерімізді қуантамыз деген ойдамыз»

Абат Айымбетов: «Жанкүйерлерімізді қуантамыз деген ойдамыз»

09 қыркүйек 2023, 18:22
Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов Еуро-2024 іріктеу кезеңі аясында Солтүстік Ирландиямен болатын ойын жайлы пікірін білдірді.

– Көңіл-күй жақсы. Ертең жақсы ойын көрсетіп, жеңіске жетуге тырысамыз.

Ойынға дайынбыз. Қазақ халқымыз күтіп отқанда, әр футболшымыз жүрегімен ойнаса, елімізді әлі талай қуантамыз деп ойлаймын.

Голды көріп көріп болдық қой (Солтүстік Ирландияға қарсы өткен ойында). Кешегі күнмен өмір сүрмейміз, өмір жалғасып жатыр. Халқымызға осындай қуанышты тағы неге сыйламасқа. Бар күшімізді ертеңгі ойынға салып, жанкүйерлерімізді қуантамыз деген ойдамыз.

Бөлісу
Жоғары